Дәурен Абаевты ақпараттық манипуляция алаңдатып отыр
«Шыны керек, бұл - үлкен қауіп-қатер. Себебі ақпарат арқылы алаяқтар ғана емес, деструктивті күштерде өз манипуляциясын жасайды. Ақпарат тым көп. Адам оны пайдаланып үлгермей жатыр. Біз бір минуттың ішінде WhatsApp арқылы 20 млн хабарлама қабылдап, YouTube-ты 3 млн рет ашып көреміз. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бұрын 31 сағатта қабылдаған нәрсені бір тәуліктің ішінде қабылдай бастадық», - дейді Абаев.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде адамның зейіні шашыраңқы, бір уақытта бірнеше нәрсеге көңіл аударып жүреді. Аталған проблемаға ұстаздар да, профессорлар да алаңдап отыр. «Бір америкалық комик айтқан жоқ па, «Ақылды смартфондар көп, ал ақылдыадамдар аз», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Дәурен Әскербекұлы адамдардың кітап оқығанды қойып, ғаламтордың жетегінде кеткеніне де алаңдаушылық білдірді.