Дәурен Елеусінов қарсыласын 10 секундта нокаутпен жеңді
20:48, 23 Ақпан 2019
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) кәсіпқой рингтегі сегізінше жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы 10 секундта мексикалық Карлос Урреаны (9-26, 4 КО) өз отанында жер жастандырды.
Бұл - қазақстандық боксшының АҚШ аумағынан тыс жердегі алғашқы жекпе-жегі.