Бұл туралы спортшының ВКонтакте-дегі ресми парақшасында хабарланды.
«Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол американдық Рэймонд Тэрри. Жекпе-жек 17 ақпанда Нтю-Йорктегі (АҚШ) Манхэттен BBking-те өтеді», - делінген хабарламада.
Профирингте өткізілген төрт жекпе-жектің ішінде Д.Елеусінов төрт рет жеңген, соның ішінде үшеуін нокаутпен аяқтаған. Болашақ қарсыласының есебінде де сонша жекпе-жек бар, соның ішінде екеуінде басым түсіп, екеуінде жеңіліп қалған.