ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, бокс кеші 2 қазан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.
Супер орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген. Данияр Елеусіновтің қарсыласы әзірге белгісіз. Айта кетейік, боксшы үшін бұл 2022 жылдағы екінші айқас болады. Дәурен Нью-Йоркте өткен бұған дейінгі жекпе-жегінде америкалық Джуниор Юнаннан (17-0-1, 11КО) жеңілген еді.
Алматыдағы бокс кешінің ұйымдастырушысы – Boxing Stars Management.