Дәурен Елеусінов титулдық жекпе-жекте ирландиялық боксшыдан жеңілді
09:49, 16 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешіндегі титулдық жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ол осыған дейін жеңіліп көрмеген ирландиялық Каллум Уолшпен (9-0, 7 КО) жұдырықтасқан (лақап аты – «Король») еді.
Орта салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған болатын және WBC Continental Americas титулы сарапқа салынды. Алайда жекпе-жек тоғызыншы раундта Уолштың техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды.
Осылайша, Каллум Уолш үшін бұл жеңіс кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне жетсе, Дәурен Елеусінов үшін бұл – кәсіпқой бокстағы үшінші жеңілісі.