Дәурен Сәбитұлы Мақажанов 1980 жылғы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған.
Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Түрлі жылдары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде қызмет атқарды: Петропавл қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалында; Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ; Астана қаласында «Альянс Банк» АҚ. 2012 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2012 жылғы қазаннан бастап - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ құрамына кіретін компания. Қордың миссиясы - тиімді шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту.