Дәурен Мұратбеков ҚР Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды
09:19, 09 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды.