— Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы — аппарат басшысы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Дәурен Болатұлы Мұратбеков, 1984 жылы туған, 2006 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде (қайта құрылғаннан кейін — Экономикалық даму және сауда министрлігі) бастады, онда жетекші маман лауазымынан бастап өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығына дейін дәйекті жұмыс істеді.
2011 жылдан бастап — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновацияларды қолдаудың сервистік құралдарын әкімшілендіру орталығы директорының орынбасары.
2013 жылдан бастап — «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры — Жобаларды талдау және мониторингтеу орталығының директоры.
2014 жылдан — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінің директоры.
2018 жылдан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерекелік медальдармен марапатталған.
Еске сала кетейік, Дәурен Мұратбеков 2024 жылы 9 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы — аппарат басшысы лауазымына тағайындалған болатын.