Дауыл, жауын, бұршақ – Бейсенбіге арналған ауа райы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканыңбасым бөлігінде құбылмалы ауарайы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағайжарқылдайды.

Еліміздің кейбір бөлігінде жел күшейеді, шаңды дауылсоғып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұмантүседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстаноблыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/скүшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлердетұман күтіледі.

Жамбыл облысында дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел15-20, күндіз екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында дауылкүтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууыықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндетүнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 18-23м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл,Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысыныңоңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.