Дауыл, жауын, бұршақ – сейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланыстыҚазақстанның басым бөлігінде кей жерлерінде тұрақсыз ауа райымен найзағай жәнежаңбыр күтіледі. Солтүстік облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Текоңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканыңкей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар,Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түндежәне таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Жамбыл,таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кейжерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл,Қызылорда, кей жерлерінде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, облыстарының қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.