Бұл туралы АҚШ-тың ғарыш агенттігі түсірген бейнедеректен белгілі болды. Онда жойқын дауылдың негізгі ошағы шұңқыр түрінде анық бейнеленген.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, сұрапыл табиғи апаттан 7 адам қаза тауып, 35-і жараланған. Тайфунға байланысты Окинава аралындағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, әуе рейстері кейінге шегерілді.
Солтүстікке бет алған «Вонфон» Кюсю аралын басып өтеді. «Бұл жағдай аралдағы екі бірдей атом электр стансасының жұмысына қауіп төндіруі мүмкін», дейді билік өкілдері.