Кейіпкерді жүргізу үшін ойыншы сөйлеуі қажет. Ал секірту үшін айқайлау керек, деп жазды Life.ru.
Кейіпкердің секіру биіктігі дауыстың дыбысталу деңгейіне байланысты. Ұдайы қиындай түсетін күрделі деңгейден өткізу үшін оны әрдайым басқарып отыру керек.
Осындай ерекше басқару жүйесі бар ойын стримерлердің назарын өзіне аударып үлгерді. Қазір олардың видеосы мен трансляциясының көрілімі аса жоғары болып отыр.