Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен қос дүркін әлем чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев (54 келі) Египет астанасы Каир қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Дүбірлі додада отандасымыз қарсыластарынан жоғары салмақты бағындырды. Алғашқы сайысында ол 187 келіні еншілесе, одан кейін 189, үшіншісінде 191 келіні жоғары көтере алды.
Екінші орын сальвадорлық Херберт Асетуноға бұйырды. Үздік үштікті қытайлық Ян Чжанлан түйіндеді.
Айта кетсек, қазірге дейін Давид Дегтяревтің еншісінде Паралимпиада ойындарының екі алтын медалі бар. Сондай-ақ ол бір мәрте әлем чемпионатында топ жарған еді. Осылайша отандасымыз екі мәрте Паралимпиада, екі мәрте әлем чемпионы атағын алып үлгерді.
Айта кетсек, 2025 жылғы әлем чемпионатында ел құрамасы үш алтын, екі күміс медаль алды.