Давид Лемье: «Головкинмен жекпе-жекке дайынмын»
17:49, 03 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF-тің орташа салмақтағы чемпионы Давид Лемье 17 қазанда WBA чемпионы Геннадий Головкинға қарсы жекпе-жекке дайын екенін мәлім етті, деп жазады Спортс.кз.
«Жаттығу лагері ең жақсы түрде өтті. Мен бұл жекпе-жекке тынбай жаттықтым, өзіме беріліп отырған мүмкіндікті жіберіп алмаймын. Жанкүйерлер үлкен жекпе-жектің болатынын біледі. Мен өз шеберлігіме сенімдімін. Н'Дамды жеңген соң, өте жақсы ұсыныс алып, бірден келістім. Бірақ бұл жекпе-жектің болатынын бұған дейін білген едім. Бұл мен күткеннен ертерек болды, дегенмен, мен жұдырықтасуға дайынмын», - деп келтіреді Лемьенің сөздерін Boxing Scene.
20 маусымда Лемье Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңіп, IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулын иеленді.