Канада боксшысының айтуынша, ол Головкиннің шабуылдау стилінде бокстасатынына қуанады.
«Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді, ал Головкин үздік болып табылады. Қазіргі кезде ол биікте тұр. Оны соққылағанда бар күшімді саламын. Менің де нокауттарым, күшім де мол. Головкин - алға жүретін жігіт, шаршы алаңда артынан жүгірмейтінімді білемін», - деді Лемье.