Давид Лория жаңа клубқа ауысты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық голкипер Давид Лория көкшетаулық «Оқжетпеспен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Давид Лория - еліміздегі ең танымал және тәжірибелі голкипер. Ресей, Түркия, Австралия және Швеция чемпионаттарында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 46 матч өткізді. 2006 жылдың үздік футболшысы атанған. Қазақстан чемпионаттарында ойнаған матчтары бойынша қақпашылар арасындағы үздік бес рекордшының қатарына кіреді.

Оның «Оқжетпеспен» жасаған еңбек келісімшартының мерзімі - жыл соңына дейін.

Давид Лория

Позиция: Қақпашы
Туған жылы: 31.01.1981 (37 жаста)
Азаматтығы: Қазақстан
Бойы: 185 см
Салмағы: 82 кг.

Жетістіктері:
- Қазақстан чемпионы: 2000, 2001, 2006
- Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009, 2012, 2018
- Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2010, 2013, 2016
- Қазақстан Кубогының иегері: 2000/01, 2002, 2018
- Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001.

Соңғы жаңалықтар