Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған РБА агенттігі.
Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылыс форум өткізіліп жатқан орынның жанындағы Posthotel Morosani қонақүйінің қоймасында болды.
Жарылыс салдарынан ғимараттың терезелері сынған, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Давостағы форумда Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев сөз сөйлеген болатын. Ресей басшысы Домодедово әуежайындағы терактіні ұйымдастырушылар өз мақсаттарына жете алмағанын айтты. Форумға Ресей Президентін қатыстырмау - лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың қолынан келмеді, деп мәлім етті ол.