Бұл туралы Женевада өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ТАСС.
Давоста өтетін бүкіләлемдік экономикалық форумға 110 астам елдің өкілдері қатысады. Олардың арасында АҚШ, Франция, Бразилия, Аргентина, Тунис, Польша, Украина президенттері мен Үндістан, Ұлыбритания, Италия, Израиль және Ирактың үкімет басшылары бар.
Форумға БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш бастаған 45 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарланған.