«Шырша көлдің түбіне, 8 метр тереңдікке түсірілді. Су түбінде клубтың 15 қатысушысы шыршаны айнала «билеп», ән шырқады, шарап ішті», - дейді ол.
Торбиннің айтуынша, көл түбіне шырша түсіру дәстүрі 1979 жылдан бері өткізіледі. Шырша су түбінде ескі Жаңа жылға дейін тұрады.
Денсаулығына қауіп болмаса, кез келген адам су түбіне түсіп, ерекше шыршаны көруіне болады. Әрине, көл түбіне түспек болғандар арнаулы нұсқаулықпен танысып, инструкторлардың қадағалауында болады.