Аталмыш кездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) MadisonSquare Garden аренасында өтеді. Жекпе-жек DAZN платформасынан таратылады. Қарсыластар бос тұрған IBF нұсқасы бойыншаорташа салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады.
«Big Drama Show қайта оралды! Головкин-Деревянченко»,- деп жазады DAZN.
Еске сала кетейік, Головкин наурыз айында DAZN-меналты айқасты қамтитын келісімшарт жасасқан еді. Қазақстандық боксшы оларды үшжылдың көлемінде өткізуі тиіс. GGG-дің серіктестік үшін гонорары 100 млндоллардан астам сомаға бағаланады.
Еске салайық, Геннадий алғашқы жекпе-жегін 8 маусымдаөткізіп, төртінші раундта канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсірді.