Хирн орта салмақтағы WBO чемпионы Деметриус Андрадені (27-0, 17 КО) және супер орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Каллум Смитті (25-0, 18 КО) атап өтті.
Ең негізгісі, промоутер жанкүйерлердің қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) арадағы трилогияны көретіндігіне сенімді екендігін жеткізді.
- Менде «Канело» үшін екі нұсқа бар - Андраде және Смит. Сондай-ақ мен оның кезекті қарсыласы Головкиннің болатындығына сенемін. Сонда біз «Канелоға» әлемнің абсолютті чемпионы титулы үшін айқасуын ұсынамыз, ал содан соң - Смитпен. Біздің жоспарымыз осындай»,-деді Хирн.