«Елімізде дәрі-дәрмектің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған негізгі дәрілік заттардың тізімі жасалып, 283 дәрілік зат іріктеп алынды. Қазір осы тізімдегі 107 дәрілік зат (37,5%) Қазақстан аумағында өндіріледі. Алдағы уақытта қалған 178 дәрілік заттың (62,5%) өндірісін жолға қоюға басымды беріледі», - деді ол.
Министр ауылдардағы медициналық мекемелер отандық бұйымдармен жабдықталып жатқанын атап өтті.
«Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде медицина объектілерін жобалау және салу кезінде міндетті түрде отандық өндірушілердің медициналық техника өнімдері енгізіліп, жарақтандыру көрсеткіші 72% болды», - деді Ақмарал Әлназарова.