ДДСҰ: 2025 жылы семіз балалар саны 75 миллионға жетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар семіздігін 21 ғасырдағы ең үлкен проблема деп танып отыр. 1990 жылдары семіз балалар саны әлемде 31 млн. болса, қазіргі кезде 5 жасқа дейінгі 40 миллионнан астам бала семіздікке шалдыққан. ДДСҰ есептеуі бойынша, 2025 жылы бұл сан 75 млн-ға жетеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бұндай болжамға АҚШ-та және басқа да елдерде семіздікке шалдыққан балалар санының ұлғаюы себеп болып отыр. Мысалы, Африка елінде 15 жыл бұрын семіз балалар саны 4 млн-ға жақын болса, қазірде ол 10 млн-ға жеткен.

Балалар арасында семіздіктің өсуі, мамандардың пікірінше, тағам рационының өзгеруімен байланысты, дәрумені бар құнарлы тағамдарға қарағанда қанты бар тағамдар сұранысқа ие. Сондай-ақ балалар арасында физикалық белсенділік төмендеген.