ДДСҰ: 2030 жылы Еуродақта семіздік проблемасы туындауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылы Еуродақта жаппай семіздік ауруы туындауы мүмкін, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ВОЗ).

"Еуропа ауқымды дағдарысқа тап болады", - делінген Прагада өтіп жатқан семіздік мәселелері бойынша еуропалық конгресс жиынында таратылған ДДСҰ материалдарында.

ЕО елдері арасында семіздік мәселесі Ирландия, Грекия, Испания, Швеция, Чехия мен Ұлыбритания тұрғындары арасында өзекті.

Болжамдарға қарағанда, 2030 жылға қарай Ирландияда ерлердің 89% артық салмақ, солардың ішінде 48% семіздікке тап болуы мүмкін. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш сәйкесінше 85% және 57% деңгейінде болмақ.