ДДСҰ мәліметінше, тек соңғы аптада дәрігерлер Гвинеяда, Сьерра-Леоне мен Либерияда дертті жұқтырудың 63 жаңа оқиғасын тіркелді.
Кот-Д'Ивуара билігі аталған індеттің таралуының жолын кесу себебін алға тартып, Либерияда баспана іздеген 400 ивуарлыққа отандарына оралуға тыйым салды. Дегенмен де бірқатар байқаушылар осы шектеуді саяси себептермен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, Эбола қанды безгегі 1976 жылы Судан мен Заир мемлекеттерінің аумағында алғаш рет анықталған болатын. Бұл дертке шалдыққандардың 90 пайызы тірі қалмайтыны белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, Эбола вирусы наурыздан бастап Гвинеяда күрт тараған. Кейіннен оның ошағы көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияда да анықталды.