ДДСҰ мәліметтері бойынша, Нидерланды астанасында халықтың үштен бірі велосипед мінеді, бұл өз кезегінде халықтың денсаулығына және экономиканың дамуына игі ықпал етеді.
Бұл көрсеткіш бойынша, екінші орында Копенгаген тұр. Мұнда жүргіншілердің 20 пайызы велилосипедті қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Ал үшінші орында - 13 пайызбен Берлин тұр.
«Тиімді көлік жүйесі экономиканың дамуының өмірлік маңызды саласы», - деп атап өтті ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Жужанна Якаб. - Егер ірі еуропалық қалалар ең болмағанда, Копенгагеннің деңгейіне жетсе, қосымша 76 мың жұмыс орны ашылып, жол көлік-оқиғалары азайып, ауа неғұрлым таза болып,10 мың адамның өмірі сақталып қалар еді».
Бұдан бұрын жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша, Амстердамда велосипед саны тұрғындар санынан асып түседі. Голландия астанасында осы салада ғана 1,6 мың кәсіпкер бар, олар велосипедті жөндеумен айналысады. Қалалық билік өкілдері де екі дөңгелекті көлікті пайдалануға шақыруда. Соңғы 20 жылда велосипед пайдаланушылар саны 40 пайызға өсті. Муниципалитет велосипедтер үшін арнайы тұрақтар салып, көлік жүйесін жетілдіруде,