ДДСҰ Бас директоры Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадр/ instagram.com/healthcare.gov.kz

ДДҰ басшысы дәрігерлердің, орта буын медицина қызметкерлерінің және осы салада еңбек ететін өзге де қызметкерлердің баға жетпес зор еңбегін атап өтті. ДДҰ атынан дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіріп, жылы тілегін жеткізді.