Елордада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда баяндама жасаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Kazinform.
«Қазақстан 2009-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласының тиімділігі индексінде өз нәтижесін жақсартты. Яғни, Қазақстан индексте 39-орыннан 72-орынға шықты. Бұл нәтижелер кейбір Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Он жылдағы нәтижелер іс жүзінде екі есеге өсті. Сондай-ақ, Қазақстан қысқа мерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы тұрғысынан ең жақсы көрсеткіштерге жетті», - деп тоқталды Тедрос Гебрейесус өз баяндамасында.
Қоса кетсек, аталған конференцияға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.