ДДСҰ: Бекон мен сосискаларды жеу обырға әкеліп соқтырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекон, сосискалар және өңделген еттің өзге де түрлерін обырға әкелетін азық-түліктер тізіміне кіргізбекші. ДДСҰ тиісті мәлімдемені 26 қазанда жасамақшы, деп жазады дерекөздерге сілтеме жасаған The Independent.

Қызыл еттің де канцерогенді азық-түліктер тізіміне кіретіні күтіліп отыр. Ұлыбританияның денсаулық сақтау мемлекеттік қызметінің сайтында қызыл немесе қайта өңделген етті жеу ішек обыры дертінің пайда болу қаупін өсіретіні атап өтіледі.

«Етті көп жейтін адамдар үшін оны аз жейтіндерге қарағанда ішек обыры дертіне шалдығудың қаупі үлкен», - деп атап өтеді ведомстводан.

Бұл ретте сиыр, шошқа және қой етінің «пайдалы емдәмнің бір бөлігі бола алатыны» және қызыл еттің «құрамында ақуызы мол, темір және цинк сияқты дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ететіні» жоққа шығарылып отырған жоқ.