ДДСҰ: Эбола індетінен 7300 ден аса адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Эбола індетінен көз жұмған жандардың саны 7373 адамға жетті, деп хабарлады ВВС.

ДДСҰ-ның бұған дейінгі мәлімдемесі 17 желтоқсан күні жария болған. Одан бері 458 адам аталған індеттен көз жұмды.

19 мыңдай адам Эбола індетін жұқтырған.

Жағдай бұрынғыдай Гвинея, Сьерра-Леон елдерінде қауіпті болып отыр. Керісінше, Либерияда індеттің таралуы азайғаны байқалады.