Эбола дерті наурыз айында Гвинеяда тіркелді. Кейінірек Либерия мен Сьерра-Леонеге тараған. Бұл елдерде әлі де безгекті жұқтыру фактілері тіркелуде. Нигерия, Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде төтенше жағдай жарияланды.
БДҰ Эбола безгегін әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп мойындады. Бұл дерт жұқпалы және ол тараған аумақта денсаулық сақтау саласы ақсап тұр.
Бүгінде дертті емдейтін вакцина жоқ. Алайда сынамадан өтіп жатқан Zmapp препараты оң нәтиже беруде. Дәріні қабылдаған үш дәрігердің денсаулығы жақсарған. Бірақ препараттың тиімділігі туралы айтуға әлі ерте, дейді сарапшылар.