ДДСҰ Эболаға қарсы көптеген вакциналар 2015 жылдың ортасына қарай шығады деп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола вирусына қарсы тәжірибелі вакцинаның 200 мыңға жуық дозасы 2015 жылдың ортасына қарай қолдануға дайын болады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бұл туралы Би-би-си жазады.

Ұйымның бас хатшысының көмекшісі Мари-Поль Кинидің сөзінше, вакцинаның екі түрі осы күні жасалған және олар адамдарға клиникалық сынама ретінде зерттелуде.

Тағы бес вакцина өңделу үстінде, деп хабарлады ДДСҰ өкілі.

Еуроодақ қауіпті вируспен күресу үшін бөлінген қаржыны 1,25 млрд. долларға дейін ұлғайтқанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Эболадан әлемде шамамен 4900 адам қаза болды.