«Дәл қазір бұл дертке 8914 адам шалдыққан. Апта соңына қарай ол 9000-нан асады», - деді Эйлвард.
Сонымен бірге, Reuters-тың хабарлауынша эпидемия Сьерра-Леоне, Гвинея мен Либерия аумағында жайылып тарауда.
Осыған дейін Сьерра-Леонеда 800 бітімгер сарбаздан тұратын батальонның Эбола безгегін жұқтырған деген қауіппен карантинге жабылған болатын.