Осы сырқатқа ұшырағандардың көпшілігі - Сьерра-Леонеде - 2 мың 179 адам. Бұдан бұрын 3 мың 338 адам қазаға ұшырап, 7 мың 178-і індетті жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бұдан бұрын ДДСҰ егер неғұрлым қатаң шаралар қолға алынбаса, африкандық елдерде Эбола вирусына шалдыққандар саны қарашаның басында 20 мың адамға дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді, соның ішінде 9 мың 939-ы Либерияда тіркелуі ықтимал.