ДДСҰ Газа секторына медициналық қолдауды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус медициналық көмекке мұқтаж Газа секторына қолдауды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Анадолы.

Гебрейесус X платформасында Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге қатысты мәлімдеме жариялады.

– Талай адамның өмірін қиды, тым көп отбасы зардап шекті. Барлық тарап қол жеткізілген келісімді құрметтеп, ұзақ мерзімді бейбітшілік үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз, - деді ол.

Ол Газадағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісім жігерлендіретінін атап өтті. 

– ДДСҰ серіктестермен бірлесіп қолдауды күшейтуге дайын, - деп қосты ол.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді.