ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы вакцинаны бөлшектеп салу мәселесін қарастырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Консультациялық кеңесі қазан айының басында маймыл шешегіне қарсы вакцинаның бөлшек дозасы туралы ақпаратты бағалау үшін кездесу өткізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл стратегия жаңа емес және ол басқа да вакциналарға қолданылады. Оның шеңберінде стандартты дозаның бір бөлігін ғана пайдалану қарастырылған. Алайда ос аз ғана бөліктің өзі иммундық реакцияны тудыруға жеткілікті.

«Біз маймыл шешегіне қарсы вакциналардың тиімділігі туралы деректерді мұқият қадағалап отырмыз», - деп қосты ол.

«Қазан айының басында біз жиналған ақпаратты бағалап, біздің ұстанымымыз қандай екенін айтамыз. Мүмкін, бөлшек мөлшерлеу одан да тиімдірек болатын шығар», - деді ДДҰ маманы.

Сонымен бірге, ұйым өкілдері қазіргі уақытта маймыл шешегіна қатысты деректер көп емес айтып отыр. Сондықтан ДДСҰ-ға мүше барлық елдер ақпаратты мұқият жинап өзара алмасып отырғандары жөн.