«2014 жылғы денсаулық сақтаудың әлемдік статистикасы: өмір ұзақтығының елеулі өсімі» баяндамасында, атап айтқанда, 2012 жылы туылған қыздың күтілетін өмір ұзақтығы - 73 жасқа жуық, ал балалардікі - 68 жас делінген. Бұл 1990 жылы туылған балалардың күтіліп отырған жаһандық өмір ұзақтығынан 6 жасқа көп.
ДДСҰ статистикалық мәліметтері бойынша, өмір жасының ұзақтығын ұлғайтуда кірістерінің деңгейі төмен елдер едәуір ілгерілеуге қол жеткізгені атап өтілген, оларда 1990-2012 жылдар арасындағыч кезеңде өмір ұзақтығы орташа есеппен 9 жылға өскен. Күтіліп отырған өмір ұзақтығы Либерияда (42-ден 62 жасқа дейін), Эфиопияда (45-тен 64 жасқа дейін), Мальдив аралдарында (58 жастан 77 жасқа дейін), Камбоджада (54 жастан 72 жасқа дейін), Тимор-Лештеде (50 жастан - 66 жасқа дейін) және Руандада (48 жастан 64 жасқа дейін) өскен.