«Шылым адамдарды ең бірінші кедейлікке, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, адамдардың сапасыз тағам тұтынуына және қоршаған ортаның ластануына алып келетін алғышарт, - деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Бас директоры Маргарет Чен.
31 мамыр - дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне дейін жарияланған баяндамада XX және XXI ғасырларда шылымнан көз жұмған адамдар санының 4 млн-ды құрағандығын, алайда қаза тапқандар саны 7 млн адамға өскендігін есептеген. Ұйымның болжамы бойынша, алдағы уақытта шылымның зардабынан қайтыс болғандар саны өсе береді және олардың саны осы ғасырда 1 млрд-ты құрайды, дегенді алға тартады халықаралық ұйым.