Вуйнович, ең алдымен, тәуекел тобында тұрған адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салу керек, бұл өлім жағдайын азайтуға көмектеседі деп атап өтті. Ол сондай-ақ препаратты сатып ала алмайтын елдерді вакцинамен қамтамасыз ету қажет екенін де айтты.
«ДДСҰ өте белсенді қатысуда. Барлық елдермен келіссөздер жоғары деңгейде жүріп жатыр», - деді ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустан 92%-ға жуық қорғайды. Сынақтың соңғы сатысындағы нәтиже The Lancet журналында жарияланған болатын.