ДДСҰ болжамынша, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінде 4 млн. адам осы дертке шалдығуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чан бұған дейін Зика вирусының елеусіз дерттен жаһандық қатерге айналғанын айтқан болатын. Өткен аптада аталған ұйым вирустың тез таралуына байланысты оның алдын алатын «шұғыл топ» құру туралы шешім қабылдаған. Вирус адамнан адамға масалар арқылы тарайды. Ол әсіресе екіқабат әйелдерге қауіп төндіреді. Себебі анасы ауырған нәрестеде микроцефалия пайда болуы мүмкін.
Латын Америкасының көптеген елдері бала көтеруді жоспарлап жүргендерге бұл істі кейінге қалдыру туралы кеңес беріп жатыр, деп хабарлайды Би-би-си.