ДДСҰ басшысының орынбасары Мари-Поль Кини «Зика» вирусына қарсы вакцинаны дайындауға 15 фармацевтикалық компания атсалысып жатқанын айтты.
ДДСҰ-ның өкілі сондай-ақ алдағы уақытта вирусты анықтайтын диагностикалық тесттердің пайда болатынын жеткізді. Оларды дайындау 10 биотехнологиялық компанияға жүктелген.
Бейсенбі күні Бразилияның Денсаулық сақтау министрі Марсело Кастро Зика вирусына қарсы вакцинаның шамамен бір жылдан кейін жасалатынын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Бразилияда Зика вирусынан үшінші адам көз жұмды.