Reuters агенттігінің ақпаратынша, ДСҰ басшысы қол қойған құжатта ұйым ақшаны үнемдеу үшін іссапар шығындарын айтарлықтай қысқартуды және қызметкерлерді жалдауды тоқтатуды жоспарлап отырғаны айтылған. Сондай-ақ құжатта ДДҰ ұйымдағы бюджеттік және ішкі өзгерістерге дайындалып қойғаны, алайда ағымдағы жағдайға байланысты олар жеткіліксіз болып шыққаны атап өтілген.
Бұдан былай ДДҰ барлық кездесулерді бейнеконференция форматында өткізуді, IT жабдықтарын ауыстыруды шектеуді және қауіпсіздікке байланысты болмаса, кеңселерді жөндеу жұмыстарын тоқтатуды жоспарлап отыр.