Ауру негізінен Азия елдерінде өсуде. Оңтүстік Корея мен Қытайда соңғы аптада ауру жұқтыру жағдайларының саны үштен бірге өсті. Қытай билігі 30-ға жуық аймақта « стелс-омикрон «
штамымен сырқаттанушылықтың рекордтық өршуі туралы хабарлады. Вирус жұқтырғандар ауқымды тестілеуден кейін анықталды. Ірі қалалар – Шанхай және Шеньян карантинге жабылды. Онда толық локдаун жарияланды.