Қазір Эбола дертіне қарсы вакцина жоқ, ал бұл дерт салдарынан туындайтын өлім деңгейі 90% жеткен. Женевада бас қосқан мамандар адамдарға осыған дейін берілмеген медициналық препараттардың қауіп деңгейін талқылайды. Сондай-ақ олар бұл дәрілер кімге берілетінін де анықтауы тиіс.
Препараттар 2 америкалық медицина қызметкерлеріне берілді. Олардың жағдайы жақсарды. Жексенбі күні испандық билік өкілдері экспериментальді вакцинаны испандық шіркеу қызметкеріне салуға рұқсат берді. Ол вирусты Либерияда жұқтырған, кейін Мадридке жеткізілді.