ДДҰ Конгодағы Эбола індетінің көрші елдерге таралу қаупі туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Конго Демократиялық Республикасында (КДР) тез таралып жатқан Эбола індеті көрші елдерге және бүкіл аймаққа қауіп төндіріп отырғанын ескертті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Фото: REUTERS

Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

— Аурудың таралуының әрбір тізбегі анықталып, тоқтатылмайынша, індет жалғаса береді. Ол КДР-ға, көрші елдерге және жалпы бүкіл аймаққа қауіп төндіреді, — деді ол Женевада өткен брифингте.

Ол қазіргі індет ауру тарихындағы ең жылдам өршіп жатқан әрі ауқымы жөнінен екінші ірі індет екенін атап өтті. Гебрейесустің айтуынша, қауіпсіз жерлеу рәсімдерінің ұйымдастырылмауы вирустың таралуына ықпал етіп отыр.

КДР мен Угандада 15 мамырда басталған індеттің өршуі Африкада алғаш пайда болғалы жүргізілген бақылау барысындағы адам ең көп өлген екінші жағдай болып отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 2,9 мыңнан асты. Расталған жағдайлардың саны 6 мыңнан жоғары. Қазір ауру Конгоның алты провинциясында тіркелді. Індеттің негізгі ошағы Итури провинциясында орналасқан.

Осыған дейін Конгода Эбола жұқтырғандар саны тағы да артқаны туралы жаздық.