Оның айтуынша, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Себебі Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Азияда және Африкада індетке шалдығу қарқынмен жалғасуда. Аурудың таралуы толқын тәріздес болады: өсімнен соң төмендеу байқалып, кейін жұқтыру қайта басталады.
ДДҰ өкілі атап өткендей, мамандар «екінші толқын» ұғымын келесідей түсіндіруде: бірінші толқында сырқаттанғандар саны барынша төмен деңгейге дейін азаяды, ал бірнеше айдан соң ауру қайта өршиді.
«Және бұл бірнеше айдан кейін көптеген мемлекеттерде көрініс табуы мүмкін», - деді ол.
Бұл ретте, пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі ықтимал.
Онымен қоса, М.Райан адамзат пандемияның бірінші кезеңінде оны қайта өршітіп алуы мүмкіндігін ескертті. Мұндай жағдай 1918-1920 жылдары испан грипінің пандемиясы кезінде болған.
Осыған орай, әлем елдері денсаулық сақтау саласындағы кешенді шараларды жалғастыруы тиіс, коронавирусқа тестілеуді тоқтатпай, оның таралу жолдарын зерттеуі қажет. Сондай-ақ инфекцияның екінші толқынын болдырмас үшін әлеуметтік шараларды күшінде қалдырған жөн.