- Кеме 1 сәуірде жүзуге шыққаннан бері 147 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі ауырып қалды, олардың үшеуі қайтыс болды. Біреуінің жағдайы ауыр, ал үшеуінің белгілері жеңіл, - делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мәлімдемесінде.
Қолжетімді деректерге сүйене отырып, ұйым вирустың әлем халқына таралу қаупін төмен деп бағалайды. Алайда ДДҰ Атлант мұхитындағы круиз кемесінде вирустың адамнан адамға жұғуын жоққа шығаруға болмайтынын мәлімдейді.
Хантавирус - жұқтырған кеміргіштер арқылы таралатын сирек кездесетін, бірақ қауіпті вирус.
Бұған дейін Атлант мұхитындағы круиз кемесінде тыныс алу жолдарының инфекциясынан екі адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Кабо-Вердеде ішек инфекциясынан 4 британиялық турист қайтыс болды.