Бұл ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус жасады.
— Біздің ұсынысымыз айқын: 10 мамырдан бастап 42 күн белсенді бақылау, 42 күн карантин. Карантинді арнайы мекемеде де, үйде де өткізуге болады, — деді ол Канар аралдарына жеткен лайнер жолаушыларын эвакуациялаудан кейінгі брифингінде.
ДДҰ басшысы «ұйым тек ұсыныс береді, бірақ оған мүше мемлекеттерді міндеттемейді» деп атап өтті.
Оның сөзінше, әр ел өзінің ұлттық хаттамалары және тәуекелдерді бағалау негізінде шешім қабылдайды.
Айта кетейік, ұйым осыған дейін Хантавирус бірнеше елге тарағанын, алайда жаппай дүрбелеңге негіз жоқ екенін хабарлаған болатын.