Оның айтуынша, соңғы алты аптада Еуропа өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті, ал өткен аптада 3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Клюге суық ауа райы жақындаған сайын COVID қарқынды таралатындығына да алаңдаушылық білдірді.
«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», - деді бюро директоры.
Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды, жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді.