Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі хабарлады. «Біз Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстық. Бұл өте жақсы стратегиялық бағдарлама. Ол толығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатына сай дайындалған. Аталмыш бағдарлама Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының сапалы әрі серпінді дамуына ықпал етеді», - деді Н.Эмироглу.